НҰР-CҰЛТАН. ҚазАқпарат - Футболдан клубтар арасындағы әлем чемпионаты 2021 жылы Жапонияда өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Естеріңізге сала кетелік, бұдан бұрын аталған дода Катарда 2021 жылдың 1-11 ақпан аралығында өткізіледі деп жоспарланған болатын. FIFA басшылығы осы орайда жаңа шешімге келді. Клубтар арасындағы әлем чемпионаты сол жылдың желтоқсанында Жапонияда болатыны нақтыланды.
Аталған доп додасы 2000 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келеді. Бүгінгі күнге дейін 16 мәрте ұйымдастырылды. Чемпиондық атаққа Испанияның «Реал Мадрид» 4, «Барселона» 3, Бразилияның «Коринтианс» 2, «Интернасьонал», «Сан-Паулу», Англияның «Ливерпуль», «Манчестер Юнайтед», Италияның «Милан» «Интер» және Германияның «Бавария» командалары ие болды.
2019 жылы «Ливерпуль» командасы жеңімпаз атанған болатын. Биылға жоспарланған доп додасы коронавирус инфекциясына байланысты өткізілмей қалды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.