НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, 16 маусымда Швейцарияның Ньон қаласында UEFA Конференция кубогы екінші кезеңінің жеребесі тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Айта кетсек, аталған турнир биыл тұңғыш рет өткізілмек.
Оған UEFA рейтингінде 24-орыннан төмен орналасқан командалар қатысады.
Турнирге биыл Қазақстаннан Қостанайдың «Тобыл», елордалық «Астана» және Қарағандының «Шахтер» командалары қатысады.
Алғашқы кездесуінде «Тобыл» Хорватияның «Хайдук», «Астана» Грекияның «Арис», «Шахтер» Румынияның «Стяуа» клубтарымен шеберлік байқасады.
Ойындар 22 және 29 маусым күндеріне белгіленген.
Еске салсақ. бұдан бұрын Алматының «Қайрат» командасы UEFA Чемпиондар лигасы бірінші іріктеу кезеңінде Израильдің «Маккаби» (Хайфа) клубымен кездесетіні хабарланды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.