АСТАНА. ҚазАқпарат - UEFA Конференция лигасы 1/8 финалының жеребесі тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жарыстың аталған сатысында 1/16 финалында жеңімпаз болған 8 команда қатарына топтық кезеңде бірінші орын алған клубтар қосылды.
Конференция лигасының 1/8 финалындағы жұптардың тізімі:
«Базель» (Швейцария) - «Слован Братислава» (Словакия)
«Гент» (Бельгия) - «Истанбул Башакшехир» (Түркия)
«Лех» (Польша) - «Юргорден» (Швеция)
«Фиорентина» (Италия) - «Сивасспор» (Түркия)
«АЕК Ларнака» (Кипр) - «Вест Хэм Юнайтед» (Англия)
«Шериф» (Молдова) - «Ницца» (Франция)
«Андерлехт» (Бельгия) - «Вильярреал» (Испания)
«Лацио» (Испания) - «АЗ Алкмаар» (Нидерланд).
1/8 финалдық ойындар 9 және 16 наурыз күндеріне жоспарланған.
Айта кетсек, Конференция лигасының финалы 7 маусымда Чехия астанасы Прага қаласындағы «Фортуна» стадионында өткізіледі.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.