Футболдан Конференция лигасы: «Фиорентина» латвиялық клубпен тең түсті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - UEFA Конференция лигасы топтық кезеңінің алғашқы тур ойындары өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алғашқы турдағы сенсация ретінде А тобындағы Италияның «Фиорентина» және Латвияның РФШ командасы арасындағы кездесуді айтуға болады.

Латвиялық клуб сырт алаңда ойнағанына қарамастан беделді қарсыласына лайықты төтеп бере білді. Нәтижесінде екі команда 1:1 есебіне қанағат білдірді.

Бірінші турдағы ойын нәтижесі:

А тобы: «Фиорентина» (Италия) – РФШ (Латвия) 1:1, «Хартс» (Шотландия) – «Истанюул Башакшекир» (Түркия) 0:4

В тобы: «Андерлехт» (Бельгия) – «Силькеборг» (Дания) 1:0, «Вест Хэм Юнайтед» (Англия) – ФКСБ (Румыния) 3:1

С тобы: «Аустрия Вена» (Австрия) – «Хапоэль Безр-Шева» (Израиль) 1:1, «Вильярреал» (Испания) – «Лех» (Польша) 4:3

D тобы: «Ницца» (Франция) – «Кельн» (Германия) 1:1, «Словацко» (Чехия) – «Партизан» (Сербия) 3:3

E тобы: «Днепр» (Украина) – АЗ (Нидерланд) 0:1, «Вадуц» (Лихтенштейн) – «Аполлон» (Кипр) 0:0

F тобы: «Мольде» (Дания) – «Гент» (Бельгия) 0:0, «Шемрок Роверс» (Ирландия) – «Юргорден» (Швеция) 0:0

G тобы: «Сивасспор» (Түркия) – «Славия Прага» (Чехия) 1:1, «Балкани» (Косово) –ЧФР (Румыния)

H тобы: «Базель» (Швейцария) – «Пюник» (Армения) 3:1, «Слован Братислава» (Словакия) – «Жальгирис» (Литва) 0:0

Екінші тур ойындары 15 қыркүйек күні болады.

Еске салсақ, бұдан бұрын UEFA Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің алғашқы тур ойындары өтті.