Футболдан Конференция лигасы: Ширек финалға қай командалар шықты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Футболдан UEFA Конференция лигасы 1/16 финалындағы қарымта ойындар өткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған турнир биылғы футбол маусымында тұңғыш мәрте ұйымдастырылып отыр. Бұл Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасынан кейінгі үшінші турнир саналады.

Топтық кезеңде барлығы 32 команда сегіз топқа бөлініп сынға түсті. Олардың қатарында еліміздің атынан алматылық «Қайрат» H тобында ойын көрсетті. Қарсыластары - Швейцарияның «Базель», Әзербайжанның «Карабах» және Кипрдің «Омония» клубтары. Алматылық клуб өз тобында небәрі екі ұпаймен төртінші орынды қанағат тұтты.

Командалардың ойын нәтижесі төмендегіше:

«Карабах» (Әзербайжан) – «Олимпик Марсель» (Әзербайжан) 0:3 (бірінші ойын 1:3)

«Партизан» (Сербия) – «Спарта Прага» (Чехия) 2:1 (1:0)

«Славия Прага» (Чехия) – «Фенербахче» (Түркия) 3:2 (3:2)

«Раннерс» (Шотландия) – «Лестер» (Англия) 1:3 (1:4)

«Бодо-Смит» (Норвегия) – «Селтик» (Шотландия) 2:0 (3:1)

ПАОК (Грекия) – «Мидтьюлланн» (Дания) 2:1, пенальтиден 5:3 (0:1)

«Маккаби Тель-Авив» (Израиль) – ПСВ (Нидерланды) 1:1 (0:1)

«Витесс» (Нидерланды) – «Рапид Вена» (Австрия) 2:0 (1:2).

Жарыстың 1/8 финалына «Олимпик Марсель», «Партизан», «Славия Прага», «Лестер», «Бодо-Смит» (Норвегия), ПСВ,

Жеңімпаз командалар 10 және 17 наурыз күндері 1/8 финалда ойнауға мүмкіндік алды.