Жеребе тарту рәсімі бүгін, 26 тамызда Түркияның Ыстанбұл қаласында өтті.
Командалар рейтингтегі орны бойынша төрт себетке бөлінген. 24 тамызда іріктеу кезеңі мәресіне жетті.
A тобы: «Истанбул» (Түркия), «Фиорентина» (Италия), «Хартс» (Шотландия), РФШ (Латвия).
B тобы: «Вест Хэм» (Англия), «Стяуа» (Румыния), «Андерлехт» (Бельгия), «Силькеборг» (Дания).
C тобы: «Вильярреал» (Испания), «Хапоэль Беер-Шева» (Израиль), «Аустрия» (Австрия), «Лех» (Польша).
D тобы: «Партизан» (Сербия), «Кельн» (Германия), «Ницца» (Франция) «Словацко» (Чехия).
E тобы: АЗ (Нидерланды), «Аполлон» (Кипр), «Вадуц» (Лихтенштейн), «Днепр-1» (Украина).
F тобы: «Гент» (Бельгия), «Мольде» (Норвегия), «Шэмрок Роверс» (Ирландия), «Юргорден» (Швеция).
G тобы: «Славия» Прага (Чехия), ЧФР (Румыния), «Сивасспор» (Түркия), «Балкани» (Косово).
H тобы: «Базель» (Швейцария), «Слован» (Словакия), «Жальгирис» (Литва), «Пюник» (Армения).
Топтық кезеңдегі ойын кестесі:
1 тур: 8 қыркүйек
2 тур: 15 қыркүйек
3 тур: 6 қазан
4 тур: 13 қазан
5 тур: 27 қазан
6 тур: 3 қараша
Финал 2023 жылдың 7 маусымында Чехия астанасы Прага қаласындағы «Фортуна арена» стадионында өтеді.
Еске салсақ, бұдан бұрын футболдан Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің жеребесі тартылды.