Футболдан Конференция лигасында Фейеноорд Олимпик командасын жеңді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Футболдан UEFA Конференция лигасы жартылай финалының алғашқы ойындары өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жарыстың аталған сатысында алғашқы кездесуде «Лестер Сити» (Англия) және «Рома» (Италия) шеберлік байқасты.

Кездесуде екі команда шабуылға көбірек көңіл бөлді. Нәтижесінде командалар 1:1 есебіне қанағат білдіріп тарасты.

Тағы бір кездесуде «Фейеноорд» (Нидерланды) және «Олимпик Марсель» (Франция) клубтары өзара кездесті. Ойында нидерландылық футболшылар қарсыласын 3:2 есебімен тізе бүктірді.

Қарымта ойындар 5 мамырға белгіленген. Финал 25 мамырда өтеді.

Еске салсақ, бұдан бұрын Чемпиондар лигасы жартылай финалындағы алғашқы ойындар өтті.