НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, 28 сәуірде футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің cегізінші туры басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ойындар 28 және 29 сәуір күндеріне белгіленген. Алғашқы күні төрт жұп кездессе, екінші күнінде үш матч өтеді.
28 сәуірде 15.00-де «Каспий» (Ақтау) және «Тобыл» клубтары аталған турдың шымылдығын түреді. Одан кейін 17.00-де «Астана» (Нұр-Сұлтан) мен «Ақжайық» (Орал), 18.00-де «Тараз» бен «Ақтөбе» командалары кездеседі. Ал 20.00-де «Тұран» (Түркістан) мен «Атырау» арасында кездесу өтеді.
Ал 29 сәуірде 16.00-де «Жетісу» (Талдықорған) мен «Шахтер» (Қарағанды), 19.00-де «Қайрат» (Алматы) пен «Ордабасы» (Шымкент) командалары шеберлік байқасады. Жетінші турды «Қайсар» (Қызылорда) мен «Қызылжар» (Петропавл) командалары түйіндейді.
Жеті турдан кейін турнир кестесінде «Астана» 17 ұпаймен көш бастап тұр. Одан кейінгі орындардағы «Тобылдың» 15, «Тараздың» 14 ұпайы бар.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.