«Атырау» мен «Тобыл» арасындағы ойынның тағдырын Игорь Зеньковичтің қос голы шешті. Ол әуелі 7-минутта есеп ашты. Екінші таймда ойынға тыңнан қосылған "Тобыл" шабуылшысы Таңат Нөсербаев таразы басын теңестірді. Оған Бауыржан Тұрысбек нәтижелі пас берді. Алайда, 66-минутта экс-қостанайлық футболшы Игорь Зенькович өз командасының жеңіс голын соқты.
Осылайша, "Тобыл" ҚР Кубогы ойындарынан шығып қалды.
Фото: fctobol.kz