Футболдан ҚР құрамасы 22 наурызда Кипрмен жолдастық матч өткізеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Футболдан Қазақстан Ұлттық құрамасы 20-24 наурыз аралығында Никосия (Кипр) қаласында оқу-жаттығу наурызда жиынын өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚФФ-қа сілтеме жасап.

Оқу-жаттығу жиыны аясында Кипр құрамасымен жолдастық матч өткізу жоспарланған. Ойын 22 наурыз күні Никосия қаласындағы GSP стадионында өтеді.

Төрт күннен кейін, 26 наурыз күні Қазақстан құрамасы 2018 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу турнирінде Ереван қаласында Армения футболшыларымен кездеседі.