Сайттан турнирдің мақсаты мен тарихы, VIІІ Президент Кубогының күнтізбесі, турнирге қатысушы командалар, сонымен қатар басқа да ақпараттарды алуға болады. Қатысушы командалардың құрамы да сайтта жарияланбақ.
Еске сала кетейік, 17 жасқа дейінгі жасөспірім құрамалары қатысатын ҚР Президенті Кубогы 21-26 маусым аралығында Астанада өтеді. Биыл турнирге 8 команда қатысады. Олардың арасында Қазақстаннан өзге, Испания, Ресей, Беларусь, Грузия, Әзербайжан, Қырғызстан және Тәжікстан елдерінің құрамалары бар.