Футболдан Лихтенштейн құрамасы Қазақстанға қарсы құрамын жариялады

Фото: ҚФФ

АСТАНА. KAZINFORM – Лихтенштейн құрамасының футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіне қатысатын құрамы белгілі болды. 

Бірінші кездесу Қазақстан ұлттық құрамасына қарсы өтеді. Матч 10 қазан күні 19:00-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Қақпашылар: Бенджамин Бюхель («Вадуц»), Джастин Оспельт («Шпортфройнде», Германия), Габриэль Фозер («Эшен-Маурен»);

Қорғаушылар: Никлас Бек («Бальцерс», Швейцария), Максимилиан Гёппель («Фрайенбах», Швейцария), Ливио Майер, Лукас Грабер (екеуі – «Эшен-Маурен»), Йенс Хофер («Дюдинген», Швейцария), Йонас Вайзенхофер («Хоэнемс», Австрия);

Жартылай қорғаушылар: Алессио Хаслер, Никлас Хаслер (екеуі – «Вадуц»), Андрен Нетцер, Северен Шлегель, Кенни Киндл, Сандро Вольфингер (барлығы – «Бальцерс», Швейцария), Лиам Кранц («Шан»), Симон Люхингер («Брегенц», Аустрия), Арон Зеле («Ювентус Цюрих», Швейцария), Эмануэль Цюнд («Мейрен», Швейцария);

Шабуылшылар: Фабио Луке-Нотаро («Швайнфурт 05», Германия), Вильям Пицци («Эшен-Маурен»), Ферхат Саглам («Айнтрахт Хохкеппель», Германия), Деннис Саланович («Бальцерс», Швейцария). 

Еске салсақ, бұған дейін қазақстандық футболшылар Бельгия (0:6), Уэльс (1:3, 0:1) және Солтүстік Македония (0:1) құрамаларынан жеңіліп, Лихтенштейннен (2:0) басым түсті. Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Әли Әлиев Бельгиядан ірі есеппен жеңілгеннен кейін қызметінен кететінін мәлімдеген болатын.