Футболдан Өзбекстан құрамасы Нидерландыға қарсы жолдастық матч өткізеді

ТАШКЕНТ. KAZINFORM – Әлем чемпионатына дайындық аясында өзбекстандық футболшылар бүгін екінші жолдастық кездесу өткізеді, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Ташкенттегі меншікті тілшісі.

Фото: Өзбекстан футбол қауымдастығы

Өзбек футболшыларының бұл жолғы қарсыласы - Нидерландының ұлттық құрамасы. Кездесу Нью-Йорктегі «Icahn» стадионында өтеді. Матч елорда уақыты бойынша 23:45-те басталады.

Еске салайық, бұған дейін Өзбекстан құрамасы Канадаға қарсы ойнап, 0:2 есебімен есе жіберді.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, биыл көршілес елдің спортшылары Әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі алғашқы ойынын 18 маусымда Колумбияға қарсы өткізеді.

Таяуда еліміздің Сыртқы істер министрлігі футболдан Әлем чемпионатына баратын қазақстандықтарға ескерту жасаған еді.