АСТАНА. ҚазАқпарат - Футболдан Португалия құрамасының бас бапкері Фернанду Сантуш қызметінен кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қатарда өтіп жатқан футболдан 2022 жылғы әлем чемпионатында Португалия құрамасы ширек финалға дейін жетті. Жарыстың аталған сатысында олар Мароккоға жол берді.
68-жастағы маман ұлттық құрамаға 2014 жылдан бері жетекшілік етіп келеді. Оның жетекшілігімен Португалия 2019 жылы UEFA Ұлттар лигасында чемпион атанды.
Португалдық футболшылар 2020 жылғы Еуропа чемпионатында 1/8 финалда Бельгияға жеңілсе, 2018 жылғы әлем чемпионатында жарыстың аталған сатысында Уругвайға есе жіберді.
Еске салсақ, бұдан бұрын Нидерланд құрамасына бас бапкер тағайындалды.
Фото:
globallookpress.com
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.