АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 11-туры басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Аталған тур 27, 28 мамыр күндері өтеді. Бүгін 3 ойын болса, ертеңге қалған 4 кездесу белгіленген.
Бүгін, 20 мамырда сағат 15:00-де «Ақсу» (Павлодар облысы) мен «Жетісу» (Талдықорған) аталған турдың алғашқы ойынын өткізеді.
Ал 17.00-де «Каспий» (Ақтау) мен «Шахтер» (Қарағанды), 18:00-де «Мақтарал» (Түркістан облысы) мен «Қайрат» (Алматы) шеберлік байқасады.
Ал 28 мамырда 14:00-де «Оқжетпес» (Көкшетау) пен «Тобыл» (Қостанай), 16:00-де «Қызылжар» (Петропавл) мен «Ордабасы» (Шымкент) ойнайды.
Сондай-ақ, 18:00-де «Атырау» мен «Ақтөбе» жасыл алаңға шығады.
Аталған турды сағат 20:00-де «Қайсар» (Қызылорда) мен «Ақтөбе» командалары түйіндейді.
Еске салсақ, бұдан бұрын футболдан бірінші лигада 9-туры өткізілді.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.