АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 12-туры басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Аталған тур 3, 4 маусым күндері өтеді. Бүгін 5 ойын болса, ертеңге қалған 2 кездесу белгіленген.
Бүгін, 3, 4 маусымда 19:00-де «Қайрат» (Алматы) пен «Оқжетпес» (Көкшетау) аталған турдың алғашқы ойынын өткізеді.
Ал 20.00-де «Астана» мен «Ақсу» (Павлодар облысы), «Тобыл» (Қостанай) мен «Қызылжар» (Петропавл) шеберлік байқасады.
Сондай-ақ, 21:00-де «Ордабасы» (Шымкент) мен «Атырау», «Ақтөбе» мен «Шахтер» (Қарағанды) ойнайды.
4 маусымда 18:00-де «Жетісу» (Талдықорған) мен «Каспий» (Ақтау) жасыл алаңға шығады.
Аталған турды сағат 20:00-де «Қайсар» (Қызылорда) мен «Мақтарал» (Түркістан облысы) командалары түйіндейді.
Еске салсақ, бұдан бұрын футболдан бірінші лигада «Елімай» көш басындағы орнын сақтап қалды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.