АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 13-туры басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Аталған тур 24, 25 маусым және 2 шілде күндері өтеді. Бүгін 3 ойын болса, ертең және 2 шілде екі-екіден кездесу белгіленген.
Бүгін, 24 маусымда 19:00-де «Атырау» мен «Тобыл» (Қостанай) аталған турдың алғашқы ойынын өткізеді.
Ал 20.00-де «Шахтер» (Қарағанды) мен «Жетісу» (Талдықорған), 21:00-де «Ақсу» (Павлодар облысы) мен «Ордабасы» (Шымкент) шеберлік байқасады.
Сондай-ақ, 25 маусымда 18:00-де «Оқжетпес» (Көкшетау) пен «Қайсар» (Қызылорда), 20.00-де «Ақтөбе» мен «Мақтарал» (Түркістан облысы) ойнайды.
2 шілдеде «Қызылжар» (Петропавл) мен «Қайрат» (Алматы), «Каспий» (Ақтау) мен «Астана» кездеседі.
Еске салсақ, бұдан бұрын футболдан бірінші лигада «Тұран» «Елімайға» жақындай түсті.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.