АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 14-турының бес ойыны басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Аталған тур 1 және 2 шілде күндері өтеді. Бүгін 3 ойын болса, 2 шілдеде екі кездесу белгіленген.
Бүгін,1 шілде, сағат 18:00-де «Мақтаарал» (Түркістан облысы) мен «Ақтөбе», «Жетісу» (Талдықорған) мен «Шахтер» (Қарағанды) аталған турдың алғашқы ойындарын өткізеді.
Ал 21:00-де «Қайсар» (Қызылорда) мен «Оқжетпес» (Көкшетау) шеберлік байқасады.
2 шілде, сағат 20:00-де «Тобыл» (Қостанай) мен «Атырау» (Алматы), «Ордабасы» (Шымкент) мен «Ақсу» (Павлодар облысы) кездеседі.
Сондай-ақ 2 шілдеде 13-турдың екі ойынында 17:00-де «Қызылжар» (Петропавл) пен «Қайрат» (Алматы), 19.00-де «Каспий» (Ақтау) мен «Астана» ойнайды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.