АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін футболдан премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 17-туры басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Аталған тур 29 және 30 шілде күндері өтеді. Сенбіде 3 ойын болса, жексенбіге 2 кездесу белгіленген.
Бүгін сағат 19:00-де «Қызылжар» (Петропавл) мен «Астана» аталған турдың алғашқы ойынын өткізеді.
Ал 21:00-де «Қайсар» (Қызылорда) мен «Қайрат» (Алматы), 20:00-де «Ақсу» (Павлодар облысы) мен «Шахтер» (Қарағанды) ойнайды.
Ал 30 шілдеде 19:00-де «Каспий» (Ақтау) мен «Ақтөбе», 20:00-де «Атырау» мен «Жетісу» (Талдықорған) кездеседі.
Аталған турдың 10 шілдеде алдын ала өткізілген ойынында «Оқжетпес» (Көкшетау) «Ордабасы» (Шымкент) командасына 0:4 есебімен жол берген еді.
Ал «Мақтаарал» (Түркістан облысы) мен «Тобыл» (Қостанай) кездесуі белгісіз мерзімге кейінге қалдырылды.
Еске салсақ, бұдан бұрын Конференция лигасында «Тобыл» сырт алаңда Швейцарияның «Базель» командасын жеңді.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.