Футболдан премьер-лига: 19-тур ойындарының кестесі жарияланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін футболдан премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 19-туры басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған тур 12 және 13 тамыз күндері өтеді. Сенбіде 2 ойын болса, жексенбіге 4 кездесу белгіленген.

Бүгін сағат 17:00-де «Оқжетпес» (Көкшетау) мен «Жетісу» (Талдықорған) өзара шеберлік байқасса, 19:00-де «Атырау» мен «Каспий» (Ақтау) жасыл алаңға шығады.

Ал 13 тамызда 17:00-де «Қызылжар» (Петропавл) мен «Шахтер» (Қарағанды) ойнаса, одан кейін 19:00-де «Қайрат» (Алматы) пен «Тобыл» (Қостанай) кездеседі.

Аталған турды 21:00-де «Қайсар» (Қызылорда) мен «Ордабасы» (Шымкент), «Ақсу» (Павлодар облысы) мен «Ақтөбе» түйіндейді.

Аталған турдың 10 мамырында алдын ала өткізілген ойынында «Мақтарал» (Түркістан облысы) елордалық «Астанаға» 0:1 есебімен жол берген еді.

Еске салсақ, бұдан бұрын футболдан бірінші лигада «Елімай» «Тұраннан» жеті ұпайға ұзап кетті.