Футболдан премьер-лига: 9-тур ойындарының кестесі жарияланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 9-туры басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған тур 13 және 14 мамыр күндері өтеді. Бүгін 4 ойын болса, ертеңге қалған 3 кездесу белгіленген.

Бүгін, 13 мамырда сағат 15:00-де «Ақсу» (Павлодар облысы) мен «Каспий» (Ақтау кездесуі басталады.

Ал 17:00-де «Қызылжар» (Петропавл) мен «Жетісу» (Талдықорған), 19:00-де «Атырау» мен «Шахтер» (Қарағанды) кездессе, 21:00-де «Мақтарал» (Түркістан облысы) мен «Ордабасы» (Шымкент) шеберлік байқасады.

14 мамырда 15:00-де «Оқжетпес» (Көкшетау) пен «Астана» ойнаса, 17:00-де «Қайрат» (Алматы) пен «Ақтөбе» жасыл алаңға шығады.

Аталған турды сағат 19:00-де «Қайсар» (Қызылорда) мен «Тобыл» (Қостанай) командалары түйіндейді.

Еске салсақ, футболдан бірінші лигада «Ақжайық» қарсыласын ірі есеппен жеңді.