Футболдан премьер-лига: «Ақтөбе» «Оқжетпесті» ойсырата жеңді

Фото: sports.kz
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 2-турында «Ақтөбе» кезекті жеңісіне қол жеткізді , деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбелік клуб өз алаңында Көкшетаудың «Оқжетпес» командасын қабылдады.

Алдымен көкшетаулық клубтан Алексей Татаев 11-минутта есеп ашты.

Одан кейін ақтөбелік Әлібек Қасым 26, Максим Самородоа 41, 45-минутта үш гол соқты.

Екінші кезеңде алаң иелерінен Идрис Умаев 76, Ескендір Қыбырай 89-минутта есепті үстемелей түсті.

Осылайша «Ақтөбе» қарсыласынан 5:1 есебімен басым түсті.

Қазірге дейін сырт алаңда елордалық «Астана» Талдықорғанның «Жетісуын» 2:0, шымкенттік «Ордабасы» қарағандылық «Шахтерді» 4:1 есебімен сүріндірді.

Сондай-ақ, бүгін «Ақсу» (Павлодар облысы) мен «Қайрат» (Алматы) командалары кездеседі.

Ертең, 10 наурызда «Каспий» (Ақтау) мен «Тобыл» (Костанай), «Атырау» мен «Қайсар» (Қызылорда), «Қызылжар» (Петропавл) мен «Мақтарал» (Түркістан облысы) командалары кездеседі.