Футболдан Премьер-лига ойындары: «Қайрат» пен «Тобыл» жеңіске жетті
Екінші ойын күніне үш кездесу белгіленген. Қазірге едйін оның екеуі аяқталды.
Алғашқы ойында Қостанайдың «Тобылы» сырт алаңда Талдықорғанның «Жетісуын» 2:0 есебімен сүріндірді. Кездесу барысында қостанайлық клуб сапынан Алекс Аманович 25, Элгуджа Лобжанидзе 74-минуттарда мергендік танытты.
Тағы бір ойында Алматының «Қайраты» өз алаңында Түркістанның «Тұран» клубына 5:1 есебімен ойсырата жеңді. Алматылық команда сапынан бірінші кезеңде Айбол Әбікен 2, 30, Камо Оганесян 5, Хосе Канте 43-минуттарда гол соқты. Екінші кезеңнің 90-минутында «Тұран» футболшысы Қасымхан Тайыпов есеп айырмасын қысқартса, көп ұзамай «Қайрат» шабуылшысы Адеринсола Эсеола ойынның нүктесін қойды.
Аталған турдағы төрт ойын кеше, 9 сәуірде өткізілген болатын.
Сол күні «Тараз» Қарағандының «Шахтерін» 4:0 есебімен тізе бүктірсе https://kaz.inform.kz/news/futboldan-kazakstan-chempionatynda-taraz-kosh-bastady_a3774443, Оралдың «Ақжайығы» Петропавлдың «Қызылжарына» 0:1 есебімен есе жіберді. Ал «Ақтөбе» мен «Ордабасы» 4:4 есебімен тең түсті.
Аталған турдағы соңғы ойын бүгін 19.00-де елордада «Астана» мен «Атырау» арасында болады.