ХХІ Қазақстан чемпионаты қарсаңындағы бұл жиынға қосалқы құрамдағы жас ойыншылардан Игорь Шацкий, Владислав Ахмеев, Виталий Ли, Жомарт Рысалин, Хамид Матаев және өзге командалардан бірнеше легионер қатысты. Олар - Евгений Горячий ("Қайрат"), Санат Жұмаханов, Станислав Лунин («Восток»), Кузьмин Владислав ("Іле-Саулет") және латыш Ритус Кряуклис пен поляк Хенао Роджер Каньяс.
Енді "Шахтердің" 3 ойыншысы 21 жасқа дейініг жастар құрамасынан шақырту алып отыр. Евгений Азаматов, Евгений Горячий мен Сергей Ткачук 10-18 қаңтарда Алматыда болатын оқу-жаттығу жиынынан кейін 18-30 қаңтарда Санк-Петерборда болатын "Достастық кубогы" халықаралық турнирінде ел намысын қорғамақ.