Онда «Шахтер» мен «Жетісу», «Тараз» бен «Ақтөбе», «Ордабасы» мен «Қайсар», «Ақжайық» пен «Сұңқар», «Қайрат» пен «Астана», «Ертіс» пен Атырау», «Тобыл» мен «Оқжетпес» өзара шеберлік байқасады. Қазір алғашқы 3 турдың қорытындысы бойынша турнир кестесінде 9 ұпаймен «Ертіс» (Павлодар) пен «Тараз» командалары көш бастап келеді. Олардан 3 ұпайы кем «Ақжайық» (Орал), «Ақтөбе», «Тобыл» (Қостанай) үздік бестіктің қатарында келе жатыр. Қоржынында 4 ұпайы бар «Ордабасы» (Шымкент) мен «Сұңқар» (Қаскелең) 6-7 орында тұр. «Атырау», «Шахтер» (Қарағанды) «Астана», «Жетісу» (Талдықорған) мен «Қайратта» (Алматы) 3 ұпайдан бар. Турнир кестесін түйіндеп тұрған Қызылорданың «Қайсары» мен Көкшетаудың «Оқжетпесінде» әзірге бірде бір ұпай жоқ. Ал чемпионаттың мергендер көшін қарсыластар қақпасын 4 рет дәл көздеген қостанайлық Бауыржан Жолшиев бастап келеді. Одан кейінгі орынды 3 доппен талдықорғандық Эдин Энузович пен оралдық бөлісуде.
18:45, 31 Наурыз 2012
Футболдан Премьер-лигадағы ел чемпионатының 4-туры өтеді
АЛМАТЫ. 31 наурыз. ҚазАқпарат - Ертең еліміздің 7 қаласында футболдан Премьер-лигадағы ел чемпионатының 4-тур ойындары өтеді.