Футболдан Швеция құрама қомандасының шабуылшысы шіркеуді сатып алып, тұрғын үйге айналдырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 'ПСЖ' және Швеция құрамасының шабуылшысы Златан Ибрагимович Стокгольмдегі евангель шіркеуін сатып алды, деп жазады'Газета.Ru'.

Аты аталмаған дереккөздің ақпаратына сүйенсек, ол футболшыға €4,7 миллионға түскен. Төрт қабатты ғимаратты сатып алғаннан кейін ол оны жөндеп, тұрғын үйге айналдырды. Францияда өтіп жатқан чемпионатта шабуылшы 19 матч өткізіп, 12 гол соққан.