НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, 15 ақпанда футболдан 2021 жылғы маусымдағы суперкубогының жеребесі тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Естеріңізге сала кетелік, биыл аталған доп додасы жаңа форматта өткізіледі. Оған өткен жылғы біріншілікте алғашқы үш орынға ие болған командалар қатысады. Былтыр Қазақстан кубогы ойындары өткізілмеуіне байланысты төртінші орынға тұрақтаған клуб та доп додасында бақ сынау мүмкіндігіне ие болды.
Бүгінгі жеребе нәтижесінде жартылай финалда «Тобыл» мен «Қайрат», «Шахтер» мен «Астана» командалары өзара бақ сынасады. Ойындар 2-3 наурыз күндері болады. Ал үшінші орын үшін сайыс 5 наурызда болса, финал 6 наурыз,а белгіленген.
Айта кетейік, аталған доп додасы Түркістан қаласындағы «Түркістан-арена» стадионында өтеді.
Аталған турнирдің жүлде қоры 40 миллион теңгені құрайды. Ол жеңімпаз және жүлделі орындарға қол жеткізген командаларға беріледі.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.