НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, 5 сәуірде футболдан UEFA Чемпиондар лигасы 1/4 финалында екі ойын өткізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ширек финал 5-6 сәуір күндеріне белгіленген. Ойындар елорда уақытымен 00.50-ге белгіленген.
Алдымен 5 сәуірде Португалияның «Бенфика» және Англияның «Ливерпуль» командалары кездеседі. Ойын «Qazaqstan» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Сондай-ақ, бұл күні Англияның «Манчестер Сити» және Испанияның «Атлетико Мадрид» командалары шеберлік байқасады.
Кездесу «Qazsport» телеарнасынан көрсетіледі.
Ал 16 наурызда өз алаңында «Челси» (Англия) пен «Реал Мадрид» (Испания), «Вильрреал» (Испания) және «Бавария» (Германия) жасыл алаңға шығады.
Еске салсақ, футболдан Чемпиондар лигасында ширек финалға шыққан командалар анықталғанын хабарлаған едік.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.