АСТАНА. KAZINFORM - Футболдан UEFA Ұлттар лигасының 2024/25 жылғы маусымында Қазақстан құрамасы төртінші себетке түсті.
2024/25 жылғы UEFA Ұлттар лигасының жеребе тартуына арналған себеттер анықталды.
Екі жыл бұрын Қазақстан құрамасы С лигасының жеңімпазы атанды. Демек келесі маусымда біздің футболшылар В лигасында өнер көрсетеді.
2024/25 жылғы UEFA Ұлттар лигасының жеребе тарту рәсімі алдағы 8 ақпан күні Франция астанасы Парижде өтеді.
Қазақстан құрамасы В» лигасының 4-себетіне түсті. Олар Грузия, Грекия, Түркия құрамаларымен бір топқа түспейтіні белгілі болды.
Ойындар кестесі:
1-тур. 05-07.09.2024
2-тур. 08-10.09.2024
3-тур. 10-12.10.2024
4-тур. 13-15.10.2024
5-тур. 14-16.11.2024
6-тур. 17-19.11.2024
Еске салсақ, бұдан бұрын футболдан Азия кубогында жартылай финалға шыққан құрамалар анықталды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.