Футболдан UEFA Ұлттар лигасында Бельгия Польшаны ойсырата жеңді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Футболдан UEFA Ұлттар лигасында екінші туры мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл күнгі негізгі кездесу Бельгия мен Польша құрамалары арасында өтті. Алғашқы турда Нидерланды құрамасына 1:4 есебімен ойсырай жеңілген бельгиялық құрама жанкүйерлер алдында жақсы ойын өрнегін көрсетті. Нәтижесінде қарсыласын 6:1 есебімен сүріндірді.

Олардың қатарынан Аксель Витсель (42-минут), Кевин Де Брёйне (59-минут), Леандро Троссард (73, 80, 83-минуттар), Луа Опенда (90-минут) гол соқса, оған польшалық Роберт Леандовски (28-минут) бір голмен жауап қайырды.

Аталған топтағы Нидерланды сырт алаңда Уэльсті 2:1 есебімен жеңіп, екі ойыннан кейін алты ұпаймен көш басында тұр.

Бұл күнгі өзге ойын нәтижелері төмендегіше:

В лигасы 1 топ

Шотландия - Армения 2:0

Ирландия - Украина 0:1

Бүгін, 9 маусымда үшінші тур ойындары басталады. Қазақстан құрамасы ертең, 10 маусымда сырт алаңда Беларусьпен кездеседі.

Еске салсақ, бұдан бұрын екі ойында жеңіске жеткен қазақстандық футболшылар өз тобында бірінші орында келеді.


Фото: Reuters