НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Футболдан Қазақстан құрамасының алдағы Ұлттар лигасындағы алғашқы ойыны қайда өтетіні белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл кездесу 4 қыркүйектен 5 қыркүйекке қараған түні Литва құрамасына қарсы өтеді. Ойын елорда уақытымен 01.00-де Литва астанасы - Вильнюс қаласындағы «Жальгирис» стадионында болады. Стадионға 5 мыңнан астам жанкүйер сыяды. Онда Дитва құрамасы, «Жальгирис» және «Тракай» командалары ойын көрсетеді.
Айта кетейік, Қазақстан футболшылары С лигасының төртінші тобында бақ сынайды. Қарсыластары - Албания, Беларусь және Литва құрамалары.
Ал аталмыш турнирдегі өз алаңындағы алғашқы ойынын 7 қыркүйекте Алматы қаласында өткізеді.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.