НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының үш ойыншысы алдағы Ұлттар лигасының екі ойынына қатыспайтын болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Естеріңізге сала кетелік, қазақстандық футболшылар алдағы күндері Литва мен Беларусь құрамаларымен кездеседі. Анықталғандай, бұл ойындарға қақпашы Игорь Шацкий, қорғаушы Дмитрий Шомко және шабуылшы Алексей Щёткин қатыспайды.
Бапкерлер шешімімен олардың орнына Алматының «Қайратынан» қақпашы Данил Устименко, Шымкенттің «Ордабасынан» қорғаушы Тимур Досмағанбетов пен шабуылшы Сергей Хижниченко шақырту алды.
Қазақстан құрамасы 4 қыркүйекте сыртта Литвамен шеберлік байқасады. Ал 7 қыркүйекте Алматыда Беларусь құрамасын қабылдайды.
Сондай-ақ, Еуропа лигасында қазақстандық клубтардың ықтимал қарсыластары анықталды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.