Футболдан Ұлттар лигасы: Қазақстан құрамасының кеңейтілген тізімі жарияланды
Ұлттық құраманың оқу-жаттығу жиыны 14 қыркүйек күні елордада басталады.
Бас бапкер Магомед Адиев Ұлттар лигасында Беларусь (22 қыркүйек) және Әзербайжан (25 қыркүйек) құрамаларымен кездесуге қатысатын футболшылар тізімін жариялады. Олардың қатарында 33 футболшы бар.
Қақпашылар: Игорь Шацкий («Шахтер»), Мұхаммеджан Сейсен («Тараз»), Бекхан Шайзада («Ордабасы»), Данил Устименко («Қайрат»);
Қорғаушылар: Сергей Малый, Александр Марочкин, Бағдат Қайыров (барлығы – «Тобыл»), Елдос Ахметов («Тараз»), Михаил Габышев, Талғат Көсепов (екеуі де – «Астана»), Марат Быстров («Ахмат», Ресей), Темірлан Ерланов, Дмитрий Шомко, Әлібек Қасым (барлығы – «Ақтөбе»), Нұралы Әліп («Зенит», Ресей), Ғафуржан Сүйімбаев («Ақсу»);
Жартылай қорғаушылар: Юрий Логвиненко, Рамазан Оразов, Максим Самородов (барлығы – «Ақтөбе»), Асхат Тағыберген, Самат Жарынбетов (екеуі де – «Тобыл»), Аслан Дарабаев, Тимур Досмағамбетов, Исламбек Қуат (барлығы – «Астана»), Ян Вороговский («Моленбек», Бельгия), Бахтиер Зайнутдинов (ЦСКА, Ресей), Эльхан Астанов («Ордабасы»), Әділет Садыбеков («Қайрат»);
Шабуылшылар: Абат Айымбетов («Астана»), Абылайхан Жұмабек («Тараз»), Айбар Жақсылықов («Тобыл»), Артур Шушеначев («Қайрат»), Роман Муртазаев («Шахтер»).
Айта кетсек, қазақстандық футболшылар С лигасының үшінші тобында сынға түседі . Қарсыластары - Беларусь, Әзербайжан, Словакия.
Әзірге төрт ойынның үшеуінде жеңіске жетіп, біреуінде тең түсті. Турнир кестесінде 10 ұпаймен бірінші орында тұр. Алдағы ойындарда жеңіске жетсе, алдағы уақытта В лигасында ойнауға мүмкіндік алады.