Қазақстан және Молдова құрамаларының кездесуі 24 наурызда елорда уақытымен 23:00-де басталады. Ойын «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Қазақстан құрамасы өзінің ресми соңғы матчын өткен жылдың қараша айында өткізді. Әлем чемпионаты іріктеу кезеңінде D тобында Франция, Украина, Финляндия, Босния және Герцоговина сынға түскен қазақстандықтар өз тобында бесінші орынды місе тұтты.
Ал F тобында ойнаған Молдова алтыншы орын алды.
Аталған кездесуге қазылық ететін төрешілер белгіленді. Бас қазы қызметін грекиялық Анастасиос Сидиропулос атқарады. Оған отандастары Полихронис Костарас пен Лазарос Димитриадис көмекшілік жасайды.
Айта кетсек, екі құрама жарыстың аталған сатысында 29 наурызда тағы бір мәрте кездеседі. Жеңімпаз құрама алдағы кезеңде С лигасындағы орнын сақтап қалса, жеңілгені Д лигасында сынға түседі.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қазақстан құрамасы сапында Молдоваға қарсы құрамын жариялаған едік.