НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Футболдан UEFA Ұлттар лигасында екінші турдың үшінші ойын күні өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл күнгі басты ойын А лигасы үшінші тобындағы Германия және Англия құрамалары арасында болды.
Ойын барысында германиялық Йонас Кофман 50-минутта есеп ашты. Оған 88-минутта англиялық Гарри Кейн пенальтиден бір голмен жауап қайырды.
Осылайша құрамалар 1:1 есебіне қанағат білдірді. Германия екінші мәрте тең түссе, Англия алғашқы ұпайына қол жеткізді. Турнир кестесінде құрамалар үшінші және төртінші орынды місе тұтып тұр.
Аталған топтағы тағы бір кездесуде Италия Венгрияны 2:1 есебімен сүріндірді.
Үшінші ойын күніндегі өзге нәтижелер төмендегіше:
В лигасы 3 топ
Финляндия - Черногория 2:0
Босния және Герцоговина - Румыния 1:0
С лигасы 1 топ
Фарер аралдары - Люксембург 0:1
Литва - Түркия 0:6
9 маусымда үшінші тур ойыпдары басталады.
Еске алсақ, аталған турнирде Қазақстан Словакияны жеңді.
Фото: championat.com
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.