Бұл туралы Twitter әлеуметтік желісіне «Локомотивтің» жартылай қорғаушысы Тарас Бурлак жазған.
Ұшақ Мәскеуден Израильдегі Еуропа чемпионатына бет алған-ды. «Біздің ұшақ көкке көтерілген кезде оған жай түсті. Бірақ біз Израильдеміз, қазір жаттығуға бара жатырмыз», - дейді аяқдопшы.
Еуро-2013 додасының топтық кезеңінде ресейлік құрама испандықтармен, нидерландықтармен және германиялықтармен бақ сынасады.