Футболшы Эльхан Астанов бұрынғы командасына қайта оралды

Фото: «Ордабасы» футбол клубы

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық шабуылшы Эльхан Астанов шымкенттік «Ордабасы» футбол командасына ауысты.  

Бұл туралы «Ордабасы» футбол клубының баспасөз қызметі хабарлады. 

– Эльхан Астанов – «Ордабасы» футбол клубының ойыншысы. Қазақстандық шабуылшы «Ордабасы» футбол клубымен келісімшартқа қол қойды. Осы маусымда Эльханға клубымыздың сапында жаңа белестерді бағындыруды тілейміз. Үйге оралуыңмен, Эля, - делінген клуб хабарламасында. 

Эльхан Шымкенттік командадан 2023 жылы кетіп, «Астанға» ауысқан еді. 

Еске сала кетейік, бұған дейін «Астана» футбол клубының сапына Черногория құрамасының ойыншысы қосылғанын жазған едік.