Бұл туралы «Ордабасы» футбол клубының баспасөз қызметі хабарлады.
– Эльхан Астанов – «Ордабасы» футбол клубының ойыншысы. Қазақстандық шабуылшы «Ордабасы» футбол клубымен келісімшартқа қол қойды. Осы маусымда Эльханға клубымыздың сапында жаңа белестерді бағындыруды тілейміз. Үйге оралуыңмен, Эля, - делінген клуб хабарламасында.
Эльхан Шымкенттік командадан 2023 жылы кетіп, «Астанға» ауысқан еді.
Еске сала кетейік, бұған дейін «Астана» футбол клубының сапына Черногория құрамасының ойыншысы қосылғанын жазған едік.