Футболшы Рамазан Оразов «Ақтөбеге» қайта оралды

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық футболшы Рамазан Оразов «Ақтөбеге» қайта оралды. Бұл жөнінде команданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Фото: Ақтөбе ФК

Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы бұған дейін словениялық «Копер» сапында ойнады.

25 жастағы футболшы 2021-2022 жылдары бір жарым маусым ақ-қызылдар намысын қорғады.

Ақтөбелік клубпен бірге Қазақстан чемпионатында күміс жүлдегер атанды.

Фото: Ақтөбе ФК

«Ақтөбеден» бөлек ол алматылық «Қайрат», литвалық «Даугавпилс», ресейлік «Чайка», павлодарлық «Ақсу», қостанайлық «Тобылдың» намысын қорғады.

Еске салсақ, бұдан бұрын «Астана» ганалық футболшы Осей Барнсты қатарына қосты.

1995 жылы Гана астанасы Аккра қаласында дүниеге келген ол Португалияның «Пасуш де Феррейра», «Униан Мадейра», «Арока», «Академика», Кипрдің «Неа Саламина», Гурузияның «Динамо» (Тбилиси) клубтарының намысын қорғады.