Футболшы Роналдиньо саясаткер атануы мүмкін

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бразилия құрамасының бұрынғы ойыншысы Роналдиньо саясатқа ауыспақшы, деп жазады football-italia .

37 жасар Роналдиньо Бразилия сенатына үміткер атанбақ. Ол өзінің кандидатурасын ресми ұсынған жоқ.

Атақты футболшы əзірге Бразилия президенттігіне үміткер Жаир Болсонардың командасына қосылды.