Команданың пресс-аташесі Сергей Тыртышный «Комсомольская правда» газетіне берген сұхбатында атап өткендей, жаңа ережеден бірінші болып қорғаушы Азамат Засеев зардап шекті, деп жазады Vesti.kz.
Балағат сөздер үшін айыппұлды «Уфа» жетекшілігіне желтоқсан айында келген Сергей Семак енгізді. Ресей құрамасының экс-капитаны Семак үшін Башқұртстан астанасының клубын басқару - алғашқы тәжірибесі.
«Мысалға, Засеев жана ғана ашуын балағат сөздермен білдірді. Меніңше, ол енді айыппұл жейді. Сергей Богданович біздің команда балағат сөздермен ұрыспайтынын бірінші жиналыста-ақ айтып өтті. Егер ол ондай сөздерді еститін болса - айыппұл салады», - деді Тыртышный.
Авторы: Алпамыс Исраил. Есік білім-инновация лицейі