ФУТЗАЛ: Алматының «Қайраты» УЕФА кубогының финалына шықты

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Португалия астанасы Лиссабонда өтіп жатқан шағын футболдан УЕФА кубогы үшін жарыста Алматының «Қайраты» финалға шықты.

Жартылай финалда бразилиялық маман Какау жаттықтыратын алматылықтар Мәскеудің «Динасын» 7:4 есебімен ұтты. Негізгі ойында қазақстандықтардан Лео көзге түсіп, үш доп соқты. Алайда мәскеуліктер соңғы, 40-минутта «Қайраттың» қақпасына екі гол енгізіп, есепті 3:3-ке жеткізді. Қосымша екі таймның басында Алешандре Диваней алматылықтарды алға шығарса, содан кейін Жуниор да Силва Дуглас пен Баптиста Лукаян мергендік танытты. Ойын нүктесін Лео қойып, төрт голдың авторы атанды.

«Қайрат» 26 сәуір күні өтетін финалда Испанияның «Барселона» немесе Португалияның «Спортинг» командаларының біреуімен ойнайды.

Айта кетейік, соңғы жылдары үздік клубтардың қатарынан табылып жүрген Алматының «Қайраты» бұдан екі жыл бұрын УЕФА кубогын ұтып алған болатын.