НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық командалардың қатысуымен өтетін футзалдан Чемпиондар лигасы 1/16 финалының нақты мерзімі белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл жөнінде UEFA сайтында жарияланды .
Алматылық «Қайрат» жарыстың аталған сатысында Беларусьтің «ВитЭн» командасымен кездеседі. Матч 2021 жылдың 16 қаңтарында Могилев қаласында болады.
Ал «Ақтөбе» Грекия чемпионы АЭК командасымен ойнайды. Бұл кездесу де 16 қаңтарда сырт алаңда болады.
Естеріңізге сала кетелік, жарыстың аталған сатысындағы жеңімпаз команда бір ойынның нәтижесі бойынша анықталады.
Турнирдің 1/8 финалдық сатысы 16-21 ақпан күндері өткізіледі. Жартылай финал және финал өтетін нақты мерзімі кейіннен нақтыланады.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.