Жекелей жетістіктерге тоқталар болсақ, Қазақстан құрамасының ойыншысы Дуглас турнирдің үздік ассистенті атанып, «гол пас» жүйесі бойынша екінші орында тұр - ол 4 рет гол соғып, 7 рет доп беріп, үздік нәтижеге қол жеткізген.
Сондай-ақ, турнирдің үздік ойыншысы - португалдық Рикардиньо 11 ұпай (7 4) жинаған, бірақ ол гол саны есебінен жоғары орын алған.
Ең нәтижелі ойыншылардың үштігін тағы бір португалдық Бруну Коэлью тұйықтап тұр - 6 3.
Еске сала кетейік, жартылай финалда испаниялықтар қазақстандықтармен 5:5 есебімен тең ойнап, тек пенальти нәтижесінде (3:1) ғана жеңген болатын. Ал португалиялықтар ресейліктерді 3:2 есебімен тізе бүктірген еді. Ал қола жүлде үшін бәсекеде Ресей Қазақстан құрамасын 1:0 есебімен ұтты.