Футзал: Қарағандыда ел біріншілігінің үшінші туры өтеді
12:00, 05 Қаңтар 2010
АСТАНА. Қаңтардың 5-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Қаңтардың 6-сы мен 10-ы аралығында Қарағандыда футзалдан 2009/2010 жылғы Қазақстанның ашық чемпионатының үшінші туры өтеді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қазақстан футбол федерациясының мәліметінше, бұл турда Алматының «Қайрат», Қарағандының «Тұлпар», Астананың «Ұшқын-Искра», сондай-ақ «Бішкектің «Әділет» және «АзияУниверсалБанк» командалары өзара сынға түседі. Екінші турдан кейін 8 ойында 19 ұпай жинаған «Қайрат» көш бастап келеді.