Футзал: «Қайрат» ақтаулық «Каспий» командасын 17:1 есебімен жеңді

Фото: Фото: Pixabay

АСТАНА. KAZINFORM – Футзалдан ел біріншілігінің 21-турында «Қайрат» командасы кезекті мәрте жеңіске жетті. 

Алматылық ұжымның футзалшылары қарсылас қақпасына 17 гол соқты. Виана пента-трик, Рикардиньо мен Денер хет-трик, Рашит, Кнауб және Қайырбай дубль авторы атанды. Ал, қонақтар сапынан жалғыз голды Ұзақбаев салды.