Футзалдан «Қайрат» командасының Чемпиондар лигасы элиталық сатысына қатысатын құрамы белгілі болды, деп хабарлайды Kazınform.
Қазақстандық команда В тобында сынға түседі. Қарсыластары - «Бенфика» (Португалия), «Добовец» (Словения) және «Приштина» (Косово).
Ойындар Косовоның Приштина қаласындағы Жастар сарайында 2023 жылдың 29 қараша мен 2 желтоқсан аралығында өтеді.
Команда құрамы төмендегіше:
Қақпашылар: Деннис, Игита, Нарун Серіков.
Алаңдағы ойыншылар: Эдсон, Жахангир Рашит, Денер, Альберт Ақбалықов, Педро, Диего, Дәурен Тұрсағұлов, Дуглас Жуниор, Біржан Оразов, Дамир Қайырбай, Кайо Руиз, Игор Шушу, Алекс Виана, Алиссон.
Бас бапкер: Марлон Веласко.
Элиталық сатысында әрбір топта жеңімпаз болған командалар «Төртеудің финалы» сатысына жолдама алады. Жарыстың аталған сатысында Чемпиондар лигасының жеңімпазы анықталады.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.