АСТАНА. ҚазАқпарат - Щучинскте футзалдан Қазақстан Суперкубогы сарапқа салынды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА.
Суперкубокқа чемпион, Қазақстан кубогының иегері «Қайрат» пен чемпионаттың күміс жүлдегері «Ақтөбе» таласты. Нәтижесінде алматылықтар 4:0 есебімен басым түсіп, өз шеберлігін дәлелдеді.
Айта кетейік, бұған дейін алматылық клуб Чемпиондар лигасының элиталық раундына шыққан болатын.
Ербол Жанат
ЕҰУ-да журналистика мамандығы бойынша бакалавриатты және магистратураны тәмамдаған. Стамбул мемлекеттік университетінде ғылыми тағылымдамадан өткен. «Qazaqstan» ұлттық телеарнасында, "Астана ақшамы" газетінде тілші болған. 2014 жылдан бері Kazinform ХАА-да шығарушы редактор қызметін атқарып келеді.