АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстандық «Қайрат» пен «Семей» командаларының футзалдан UEFA Чемпиондар лигасы элиталық кезеңіндегі қарсыластары анықталды.
Алматылық «Қайрат» элиталық кезеңде «Олмиссум» (Хорватия), «Этуаль» (Франция) және «Динамо» (Хорватия) клубтарымен B тобында сынға түседі. Бұл топтың ойындары Хорватияның Загреб қаласында өтеді.
Ал «Семей» элиталық кезеңде D тобында «Пальма» (Испания), «Лученец» (Словакия) және «Рекорд» (Польша) командаларымен шеберлік байқасады. Аталған ұжымдар Испанияның Мальорка қаласында топтағы жалғыз жолдаманы сарапқа салады.
Айта кетсек, UEFA Чемпиондар лигасының элиталық кезеңі 26 қараша мен 1 желтоқсан аралығында өтеді.
Еске салсақ, Алматы қаласында өткен аталған турнирдің негізгі кезеңінде «Семей» мен «Қайрат» элиталық кезеңге жолдама алған еді.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.