Футзал: Қазақстан чемпионы Өзбекстан құрамасын ұтты

None
АСТАНА. Наурыздың 1-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Кеше футзалдан Қазақстан чемпионы Алматының «Қайрат» командасы Алматыда Өзбекстан ұлттық қрамасымен жолдастық кездесу өткізді.

Матчта 4:2 есебімен жерлестеріміз жеңіске жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ертең, наурыздың 2-сінде командалар тағы бір ойын өткізеді. Кездесу «Қайрат» спорт кешенінде өтеді. Матч сағат 17:30-да басталады.